Қостанайда зейнеткер 200 грамм героинмен ұсталды

Фотография - Қостанайда зейнеткер 200 грамм героинмен ұсталды

Қазір күдікті Рудный қаласындағы уақытша ұстау орнына жіберілді.

447 0

Облыстық ішкі істер басқармасының есірткімен күрес бөлімінің қызметкерлері жеке секторда тұратын зейнеткер әйелдің үйінен 200 грам героин тапты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Бірінші түйіншекті полицейлер зейнеткер жатқан диванының астынан тапты. Героин полиэтилен қалтада сақтаулы екен. Полицейлер үйдің ауласын одан әрі тінтіді. Ауладағы құрылыс ішінен екінші түйіншекті тапты. Ол да героин болып шықты. Екеуін өлшегенде 200 граммға жетті. Бұл өте үлкен көлемдегі салмақ болып табылады. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті Рудный қаласындағы уақытша ұстау орнына жіберілді.

Жыл басынан бері Қостанай облысында заңсыз есірткі айналмының 122 фактісі тіркелді. Олардан 3 килограмға жуық есірткінің бірнеше түрі тәркіленді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!