Оралда екі ұртына ботокс екпесін жасатқан шенеуніктің әйелі шоктан қайтыс болған

Фотография - Оралда екі ұртына ботокс екпесін жасатқан шенеуніктің әйелі шоктан қайтыс болған

Эльвира Юсупованың қазақстандық әріптестерінің пікірінше келіншек анафилактикалық шоктан көз жұмуы мүмкін.

1300 0

Оралда шенеуніктің әйелін  ажал құштырған косметолог құрықталды. Оған «қызметтік міндетін салғырт атқарды» деген айып тағылған.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Эльвира Юсупованы "Звезда-Востока" салонының әкімшілігі Ресейден арнайы шақыртыпты. Сол маманға екі ұртына ботокс екпесін жасатқан 39 жастағы Айжан Жақанова жедел жәрдеп келгенше жан тапсырған. Марқұм Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік кіріс департаменті басшысының әйелі. Ал атышулы сән салоны оның орынбасарының әйеліне тиесілі екен.

Ашылғалы 10 жылдан асса да Оралдың орталығындағы "Звезда-Востока" сұлулық салонының жарнамасы бұлайша жер жарған емес. Небәрі екі күннің ішінде тұтас елге танымал болды. Әрине, теріс қырынан. Қымбат салонға келіп бетін әрлетпек болған 39 жастағы келіншектің кеше жолы болмады. Айжан Жақанова екі ұртына ботокс екпесін жасатқан соң сол жерде көз жұмған.

"Аталған факті бойынша косметологқа қатысты ҚР ҚК 317 бабы, 3 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті азаматша ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді  БҚО ІІД баспасөз хатшысы Асылай Құбашева.

Ал, келіншекке ажал құштырған екпені салған косметолог Эльвира Юсупова. Оны салон әкімшілігі Мәскеуден шақыртқан екен. Сұлулық маманы белгілі бір ортада танымал тұлға болса керек. Оны Ресейлік атақты емші Джунаның қаза болуына байланысты түсірілген бағдарламадан байқауға болады.

Косметологтың марқұмға нақты қандай дәрі еккенін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Ал, Эльвира Юсупованың қазақстандық әріптестерінің пікірінше келіншек анафилактикалық шоктан көз жұмуы мүмкін. Ол аллергиядан туындайтын дерт. Мұндай жағдайда науқасқа шокқа қарсы дәріні санаулы секундтың ішінде салып үлгерсе, тірі алып қалуға болады екен.

"Меніңше марқұмға новокаин немесе лидокоин еккен. Мұндай жағдайда әрбір косметологтың қоластында шокқа қарсы бірнеше дәрі болуы керек. Тітіркену басталғанда жедел жәрдемнің келуін күтудің пайдасы жоқ. Санаулы секундтың ішінде шокқа қарсы екпе салмаса, өліп кетеді", - дейді косметолог Ботагөз Бимырзаева.

Қаза болған келіншектің артында 3 баласы қалды. Марқұмның күйеуі Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Аманжол Жақанов. Ал, атышулы сұлулық салоны оның орынбасары Бауыржан Қайдаровтың зайыбына тиесілі екен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!