Қостанайда театрдың бас бухгалтері мен кассирі ұсталды

Фотография - Қостанайда театрдың бас бухгалтері мен кассирі ұсталды

Айыптаушылар 61 миллион теңгеден аса мемлекет қаржысын қолды еткен.

203 0

 І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының бас бухгалтері мен кассирі аса ірі көлемдегі қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ng.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Театрдың бас бухгалтері Бекбосынова мен кассир Күлтаева 2014 жылдың сәуірінен 2015 жылдың желтоқсанына дейінгі уақытта алдын ала ұйымдасқан топпен қызметтік жағдайын асыра пайдаланып, 61 миллион теңгеден аса мемлекет қаржысын қолды еткен. Қазір Бекбосынова мен Күлтаева Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабы негізінде ұсталып, Рудный қаласындағы уақытша оқшаулау мекемесіне қамалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!