Қостанай драма театрының бухгалтері мен кассирі ақша жымқырды деп тұтқындалды

Фотография - Қостанай драма театрының бухгалтері мен кассирі ақша жымқырды деп тұтқындалды

Екі қызметкер 61 миллионан астам қаржы жымқырған деп күдікке ілінді

200 0

Қостанайда Қазақ драма театрының бухгалтері мен кассирі Гүлзада Бектұрсынова және Меңсұлу Құлтаева екі айға қамауға алынды. Сәйкес санкцияны қалалық сот 30 наурыз күні шығарды, деп жазады Today.kz.

Театр қызметкерлері ҚР ҚК 4-бабының 2-тармағы "Тапсырылған бөгде мүлікті аса ірі көлемде иемдену мен шашу" бойынша қылмыс жасады деп күдіктелуде.

Естеріңізге салсақ, ведмствоның ақпаратынша, 2014 жылдың сәуірінен 2015 жылдың желтоқсанына дейін бір топ адам алдын ала келісім бойынша, қызметтік құзырын пайдалана отырып, 61 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған.

Қазіргі кезде Гүлзада Бектұрсынова және Меңсұлу Құлтаева Рудный қаласының уақытша қамау абақтысында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!