Тараздағы тастанды бала оқиғасы бойынша нәрестенің әкесіне шара қолданбайды

Фотография - Тараздағы тастанды бала оқиғасы бойынша нәрестенің әкесіне шара қолданбайды

Қос тараптың мәмілеге келуіне орай қылмыстық іс қысқарған.

520 0

 Жамбыл облысында 17 жастағы азамат мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа барғаны үшін жазаға тартылғалы жатқан. Алайда қос тараптың мәмілеге келуіне орай қылмыстық іс қысқарыпты деп хабарлайды КТК арнасы.

Белгілі болғаны, 16 жастағы қыздың өзі де, жақындары да Елдос Сайлаубекке кінә тақпайтыны жөнінде арыз жазған. Жігіттің мектеп оқушысымен төсектес болуы орта деңгейдегі қылмысқа жатады екен. Сондықтан тергеушілер істі жапқан. Ал немересін өз қолымен жүріп келе жатқан көліктің терезесінен лақтырған әйелдің ақыл-есінің кем екені анықталды.

Қазіргі таңда қосымша тексеруге Алматыға жіберілген. Жаға ұстатарлық оқиға қаңтар айының басында Талас ауданының Үшарал ауылы маңында болғанын айта кетейік. 

Баланың анасы 16-жасар Үшарал ауылының тұрғыны Әсем Мәметәлі болып шыққан. Тергеу жұмыстары бойынша, қыз автокөлік ішінде босанған, содан кейін қыздың анасы машинаның ішінен нәрестені сыртқа лақтырып жіберген. 

Ертеректе,  босанған қызбен қамауға алынған әйелдің көршілері, отбасының тыныш және де бұрындары кикілжің оқиғалары болмандығын айтқан болатын.  

Сонымен қатар, Жүргізушіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облысы прокуратурасының мәлімдеуіне қарағанда, білім және денсаулық сақтау бөлімдерінің шенеуіктері жазаланды. Сол оқиғ барысында Тілшілер Әсем мен Елдостыңтуыстарымен сөйлесе келе екі жақ келісе отырып, екі жасты үйленуі де мүмкіндігін айтқан.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!