Жамбыл облысында кәмілетке толмаған баланы өлтірген күдіктінің ісі сотқа түсті

Фотография - Жамбыл облысында кәмілетке толмаған баланы өлтірген күдіктінің ісі сотқа түсті

Қылмыс қайтыс болған баланың отбасының мүлкін ұрлау ісіне байланысты болғанын, яғни тұрмыстық сипатта екені анықталды.

399 0

Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Бурыл (Ровное) ауылында 6 жасар баланың өліміне күдікті ретінде ұсталған 18 жасар азаматқа қатысты қылмыстық іс сотқа жеткізілді. Бұл туралы ras.kz хабарлайды.

Мұны Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағылар растап отыр.

Оқиға үстіміздегі жылғы 15 ақпан күні орын алды. Осы күні кешкі сағат 17:00 шамасында аталған ауылдағы жекеменшік үйде кәмелеттік жасқа жетпеген А.С.Дүйсенбектің зорлықпен өлтірілген белгілері бар денесі табылды. Аталған факті негізінде Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлімі 14-тармақшасы (кәмелеттік жасқа жетпегенді әдейі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды

Келесі күні өз кінәсін мойындаған К. есімді күдікті азамат ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Қылмыс қайтыс болған баланың отбасының мүлкін ұрлау ісіне байланысты болғанын, яғни тұрмыстық сипатта екені анықталды.

"Қылмыстық іс сотқа түсті, судья Азамат Тілеповке берілді. 1998 жыл туған Дурсун Кавазоглы Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімі ("Адам өлтіру") бойынша тергелуде. Істі қарау мерзімі әлі анықталған жоқ. Ол қамауда отыр", – деді агенттікке хабарлаушы телефон арқылы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!