Есірткі контарбандсымен Қытайда сотталған екі қазақстандық әйел экстрадицияланды

Фотография - Есірткі контарбандсымен Қытайда сотталған екі қазақстандық әйел экстрадицияланды

Оларды қытай соты 19-20 жылға соттаған болатын

804 0

Қытайда есірткі контрабандасы үшін 19-20 жылға сотталған екі қазақстандық әйел елге қайтарылды, деп жазады Today.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Оларды Қазақстанға беру туралы Қытайдың құзырлы органдарының бұл шешімі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халықтық Республикасы арасындағы 2011 жылдың 22 ақпанындағы сотталған тұлғаларды беру туралы келісімді жүзеге асыру аясында қабылданды және бұл сотталушылардың арыз беруі негізінде іске асырылады. Қытай соттарының берілген тұлғаларға қатысты үкімдерін мойындау кепілі ретінде ҚХР құзырлы органдарына қазақстандық соттардың сәйкес шешімдері жолданды", - делінген хабарламада.

Қазақстанға берілген тұлғалар қалған мерзімін ұлттық заңнамаға сәйкес түзеу мекемелерінде өткізетін болады.

Естеріңізге салсақ, 4 наурызда ҚР-ға Қытайда сотталған бірнеше азамат берілген болатын. Алматы әуежайында оларды туыстары мен журналистер күтіп алған.

Қазақстандағы ҚХР төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайды да экстрадициялау мүмкіндігі жайында айтқан. Дегенмен, бұл үшін де құқықтық негіз болуы керек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!