Солтүстік Қазақстандағы су басқан ауылға құтқарушылар жіберілді

Фотография - Солтүстік Қазақстандағы су басқан ауылға құтқарушылар жіберілді

Қардың күрт еруі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жою мақсатында бүгін арнай құтқарушылар Донецкое ауылына жөнелтілді.

415 0

Қардың күрт еруі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жою мақсатында бүгін Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің және Орталық аймақтық аэромобильдік жедел құтқару жасағы құрылымдарының күштері мен құралдары Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Донецкое ауылына жөнелтілді. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

"Министрліктің төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің және Орталық аймақтық аэромобильдік жедел құтқару жасағы құрылымдарының күштері мен құралдарын Донецкое ауылына жөнелтті. Құтқару жұмыстарына жұмылдырылған күш пен құралдарға қосымша жеке құрамның 43 адамы мен 18 бірлік техника жіберілді. Қазіргі таңда инженерлік қызмет, ІІМ құрылымдары,  билік пен басқару органдарының қимыл-әрекеттері нәтижесінде су басқан аумақтағы судың деңгейі төмендеп, 25 үйде судың беті қайтты. Арнайы құрылған комиссия су басқан үйлерді тексеру жұмыстарын жүргізуде", - деп түсіндірді Руслан Иманқұлов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, көктем кезінде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда құтқару күштерін арттырып, шығындарды азайту мақсатында Ақмола облысына Алматы қаласы мен Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменттері, Республикалық жедел құтқару жасағы, Оңтүстік аймақтық аэромобильдік жедел құтқару жасағы құтқару құрылымдарының 100 маманы, 38 техникасы жіберілді.

BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!