ОҚО-да есек ұрлап, етін базарға саудалап келген ұрылар ұсталды

Фотография - ОҚО-да есек ұрлап, етін базарға саудалап келген ұрылар ұсталды

Қылмыстық топтың келтірген жалпы шығыны 500 мың теңге.

291 0

ОҚО есек ұрлап, елдің берекесін алған 5 ұры қолға түсті. Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, ұрылар есектерді сойып, еті мен терісін базарға саудалап келген, деп хабарлайды Bnews.kz.

ОҚО-да Бәйдібек АІІБ-нің және Түркістан ҚІІБ-ның қызметкерлері жергілікті тұрғындардың арызы бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, мал ұрлаумен айналысып жүрген Қызылорда облысының 5 азаматын ұстаған. 

Қылмыстық топтың  келтірген жалпы шығыны  500 мың теңге. Тергеу барысында ұрылардың 10 есек ұрлағандары анықталды.  Қылмыстық топ  түнгі уақытта жергілікті тұрғындардың ауласына кіріп, есектерін жетектеп кетіп отырған. Қалтарыстағы көліктеріне тиеп, егістік алқаптарына апарып, сойған. Есектердің терісі мен етін Шымкент қаласындағы түрлі сауда нүктелеріне өткізіп келген.  

Нақты дәлел ағымдағы жылдың 26 наурызы күні, түнде осы топ  Түркістан қаласының үш бірдей тұрғынының үйінен 5 есек ұрлап, жалпы 150 мың теңге шығын келтірген.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер  қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір ұрылардың Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!