Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды

Оқыс оқиға
1216
. Бұл туралы оқиға орнына барған облыс әкімі Ерік Сұлтанов мәлімдеді
Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі тасқыннан зардап шеккен Донецкое ауылының тұрғындарына өтемақы төленетін болды. Бұл туралы оқиға орнына барған облыс әкімі Ерік Сұлтанов мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, елді мекен еріген қар суы астында қалған болатын. Қазір онда төтенше жағдайлар қызметкерлері күні-түні жұмыс істеп жатыр. Қауіпті аймақта арнамыздың түсіру тобы да жүр.

Алқаптан аққан тасқын Донецкое ауылының тұрғындарына төбедей жай түскендей болды. Күннің күрт жылынуынан еріген қар суы тапа-тал түсте көшеге кіріп, үйлерді басып қалған. "Бұл соңғы 30 жылда болмаған жағдай", - дейді жергілікті жұрт.

 Галина Ушинская, Донецкое ауылының тұрғыны:
"Бұлай болады деп ешкім ойламады. Таңертең жұмысқа кеткенбіз. Тасқын туралы көршілер хабарлады. Келсек, үйдің іші су. Барлық техника күйіп кетті".

Елді мекенде төтенше жағдай жарияланды. Донецкое мен Подольское ауылдарының жарығы өшірілді. Құтқарушылар судың бетін бұру үшін тас жолды қазып, мал-жанды қауіпсіз жерге көшірді.

Жанат Донанов, Тайынша аудандық ТЖБ басшысы:
"Қазір 200 бас қара мал қауіпсіз жерге көшірілді. 237 шошқа, 134 қой, 6 жылқы "Донецкое" ЖШС шаруашылығының қоршауынада тұр. Құтқарылған адамдар көрші Подольское ауылындағы туған-туысқандарының үйінде".

Дегенмен, қауіптің беті сейілмей тұр. Алқаптардан тағы да қар суы ағып жатыр. Бұл аздай, көлдің де көбесі сөгілуі мүмкін. Ауылдан 15 шақырым жерде көл орналасқан. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, ондағы мұздың қалыңдығы 30 сантиметр. Ол ерісе, топан су осында келеді. Қазір құтқарушылар соған дайындалып жатыр. Тасқыннан ауылдағы 55 үй су астында қалды. Бұл ретте арнайы комисиия құрылып, шығын көлемін анықтайтын болады.

 Ерік Сұлтанов, облыс әкімі:
"Үйлердің бәрін 2-3 күннің ішінде қарап шығамыз. Қажетті материалдың бәрін беріп, ағымдағы жөндеуді өткіземіз. Өлген мал бар осында, 50-60 ұсақ мал. Халыққа сол қаражатын төлейміз".

Бүгінгі таңда мұнда 30 техника мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Көмекке Астана қаласынан жедел әрекет ету тобы келді.

24.kz
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить