Өскемен қаласының экс-әкімі пара алғаны үшін сотталды

Фотография - Өскемен қаласының экс-әкімі пара алғаны үшін сотталды

None

467 0

Өскемен қаласының №2 соты пара алғаны үшін шаһардың бұрынғы әкіміне 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Манарбек Сапарғалиев Шығыс Қазақстанның облыс орталығын 2006-2007 жылдары басқарған. Ал соңғы қызметінде ол "Ертіс" әлеуметтік әл-ауқат қорына жетекшілік етті. Оған "қысым көрсету арқылы пара алды" деген айып тағылды. Алайда сот мәжілісінде оның кінәсы жартылай ғана дәлелденді. Сот бұрынғы әкімнің мүлкін тәркілеп, 3 жылға темір торға тоғытты.

Гүлнәр Әділбаева, қалалық №2 соттың төрағасы:
- Сонымен қатар ол өмір бойы мемлекеттік қызмет лауазымында жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Заң бойынша үкімнің көшірмесін алған соң 15 тәулік ішінде Сапарғалиев жоғарғы сатыға шағым арызбен жүгінуге еркі бар.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!