Fokker 100 ұшағының Астанада апатты жағдайда қонуының себебі анықталды

Фотография - Fokker 100 ұшағының Астанада апатты жағдайда қонуының себебі анықталды

Ұшақтың алдыңғы шассиінің ашылмауына құрылымдық-өндірістік ақау себеп

324 0

27 наурызда Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан Астанаға бет алған Fokker 100 ұшағы алдыңғы шассиі шықпай қалуы салдарынан апатты жағдайда қонған болатын.

 Ұшақтың алдыңғы шассиінің ашылмауына құрылымдық-өндірістік ақау себеп. Бұл туралы аталмыш әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлайды. Ал себепті анықтау жұмыстарын Fokker 100 ұшағын шығарушы зауыттың техникалық қызметкерлерінің қатысуымен әуе компанияның инженерлік-авиациялық қызметі жасады. Бұл жұмыстар апатты зерттеу бойынша комиссияның және Көлік прокуратурасы өкілдерінің бақылауымен жүргізілді. Белгілі болғандай, дәл мұндай ақау аталмыш ұшақтың тарихында бірінші рет кездесіп отыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!