Журналистер олимпиада чемпионы Илья Ильинді Ермегиявтың сотынан байқап қалды

Фотография - Журналистер олимпиада чемпионы Илья Ильинді Ермегиявтың сотынан байқап қалды

Астанада АҚ "Астана ЭКСПО-2017"ҰК" жымқыру бойынша сот процесі басталды.

982 0

Олимпиада чемпионы Илья Ильин  "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ-дағы ақша жымқыру ісі бойынша сот процесінде көрінді, деп жазады Today.kz. Спортшының сөзінше, ол сотқа мұның алдында ҚР Мәдениет пен спорт істері агенттігін басқарған Ермегияевты қолдау үшін "жүргеі бұрып" өзі келген.

"Талғат Ермегияевты жақыс жетекші ретінде білемін. 2012 біз жақсы істестік – елімізге екі дүркін олимпиада чемпионын әкелдік. Іс бойынша ештеме айта алмаймын. Адам ретінде жақсы жағынан білемін: қарым-қатынаста болдық, тіпті дос болдық десек те болады. Мұндай жетекшілерді көргенім аз. Сондықтан іштей күйзелтіп тұр. Ол Лондонда жүктелген істі (2012 жылғы Лондондағы Олипиада) кремет атқарып бергенін бәріміз білеміз", - дейді спортшы.

Сонымен бірге, іске қатысты күдіктілердің бірі Сергей Ильинге қатысы жоқтығын және тек фамилиясы бірдей екендігін де айтты.


Естеріңізге салып өтсек, бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің ісіне қатысты бірінші сот отырысы басталды. Ұлттық компанияның экс-басшысына ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!