Қостанайдың экс-әкімі 15 жыл қатаң режимдегі колонияға жабылуы мүмкін

Фотография - Қостанайдың экс-әкімі 15 жыл қатаң режимдегі колонияға жабылуы мүмкін

Ал оның орынбасары Мақсұт Қалиевке 4 жылға сотталуы мүмкін.

1268 0

Парақорлық үшін айыпталып отырған Қостанайдың экс-әкіміне прокурор 15 жыл қатаң режимдегі колонияға тоғыту мен мүлкін тәркілеу жазасын тағайындауды сұрады деп хабарлайды nur.kz порталының тілшісі сот залынан.

Еске салсақ, Қостанайдың экс-әкімі Ахметбек Ахметжанов пен оның орынбасарларына "парақорлық" айыбы және өзге де айыптар тағылған болатын. 4 сәуір күні прокурор бұрынғы қала басшысына 15 жыл қатаң режимдегі колонияға қамап, мүлкін тәркілеу жазасын кесуді сұрады.

Ал оның орынбасары Мақсұт Қалиевке жаза жеңілірек болмақ. Себебі, оған тағылған "парақорлық" айыбы "болысушылық" айыбымен алмастырылып, прокурор жалпы режимдегі колонияда 4 жылға қамау жазасын белгілеуді сұратқан.

Экс-шенеуніктің екеуі де мемлекеттік қызметтен өмір соңына дейін аластатылуы мүмкін.

Шенеуніктермен бірге айыпталушылар қатарынан табылған кәсіпкер Леонид Васильев алаяқтық және өзге де қылмыстар үшін жалпы режимдегі колонияда 12 жылға қамалуы мүмкін.

Ал "Стройметсервис - 2007" ЖШС директоры Сергей Біктібаевке прокурор 11 жыл қатаң режимдегі колонияда бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. "Сыл" ЖШС директоры Гагик Овнанян болса, 10 жылды арқалауы мүмкін.

Сотта қорғанушы тарап өз айғақтарын келтіруде.

Қостанайдың экс-әкімі 15 жыл қатаң режимдегі колонияға тоғытылуы мүмкін (фото)
Қостанайдың экс-әкімі 15 жыл қатаң режимдегі колонияға тоғытылуы мүмкін (фото)



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!