Ермегияевтің ісі бойынша 23 адамның 14-і өз кінәсін мойындады

Фотография - Ермегияевтің ісі бойынша 23 адамның 14-і өз кінәсін мойындады

Соған қарамастан, Ермегияев өзіне тағылған айыптармен келіспейді.

1131 0


Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің ісіне қатысты бірінші сот отырысы басталды. Бюджет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталып отырған экс-басшының ісі бойынша 23 фигуранттың 14-і толығымен өз кінәсін мойындады.

Отырыс барысында судья айыпталушылардан оларға тағылып отырған айыптар бойынша кінәсін мойындайтынын-мойындамайтынын сұрады: 12 фигурант, олардың арасында "Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы консультанты Қажымұрат Үсенов,  "SHM+Architects" ЖШС экс-директоры Шоқан Матайбеков, "Rona LTD" ЖШС жобалық компаниясының басқарушысы Орал Ибаділдина, "Southfork ltd." ЖШС директоры Сейіт Сейітов, "Southfork ltd." ЖШС бас директоры Нұрлан Ақпамбетов, "Құрылыс Консалтинг" АҚ өкілі Серік Найзабеков, "Компания АДКС" ЖШС экс-президенті Марс Шорманов, "АДС компаниясы" ЖШС құрылтайшысы Алпысбек Тілекметов, "Петроспек" ЖШС директоры Ерлан Тілеуов, жалған кәсіпорындар желісін ұйымдастырған Сергей Ильин, сондай-ақ қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып отырған Самат Сардарбеков пен Талғат Сағындықов кінәсін толығымен мойындап, өз істеріне өкінетіндерін жеткізді.

Тағы екі фигурант – "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ "ЭКСПО құрылысының дирекциясы" филиалының экс-директоры Вячеслав Пягай, Т.Ермегияевтің сенімді өкілі Ренат Ақылбаев кінәсін жарым-жартылай мойындады.

Осылайша атышулы қылмыстық істің 23 фигурантының 14-і кінәсін мойындап отыр. Айта кетсек, бас айыпталушы Талғат Ермегияев өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, кінәсін мойындаудан бас тартты. Ертеректе айыпталушылардың толық тізімін жариялаған болатынбыз. Бүгінгі сот процесіне Олимпиада чемпионы Илья Ильин Талғат Ермегияевты қолдау мақсатында қатысты.

Естеріңізге салып өтсек, ЭКСПО-2017 төңірегіндегі ақша жымқыруға қатысты қылмыстық іс бес эпизодтан тұрады, қылмыстық іс материалдары 540 томды құрайды.

№2 Алматы аудандық соты Талғат Ермегияевке қатысты үй қамауында ұстау туралы бұлтартпау шарасын үш айға дейін, яғни 2015 жылдың 12 қыркүйегіне дейін ұзарту туралы өтінішін қарастырып, қанағаттандырды", - деп хабарлады ол.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы "Астана ЭКСПО-2017" құрылысына бөлінген ақшаның 4 млрд. 200 млн. теңгесін жеп қойды деп, ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігіндегі "б" тармақшасымен қарастырылған ауыр қылмыстарды бірнеше рет қасақана жасады деген күдік таңылды.

12 маусымда Астана қаласындағы №2 Алматы аудандық сотының шешімінен Талғат Ермегияев 2 айлық мерзімге үй қамауына алынды. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!