Талғат Ермегияевтің ақша жымқыру тәсілі әшкереленді

Фотография - Талғат Ермегияевтің ақша жымқыру тәсілі әшкереленді

Прокурордың мәлімдеуінше, Талғат Ермегияевке бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр.

558 0

Астанада Талғат Ермегияевтің ісіне қатысты сот ісі басталды. Тергеу анықтағандай, "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы төрағасы 4,2 миллиард теңгені заңсыз қалтаға басқан. Егер сотта бөтеннің мүлкін иемденгені және талан-таражға салғаны дәлелденсе, Ермегияевті 15 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр, деп хабарлайды BNews.kz.

Прокурордың мәлімдеуінше, Талғат Ермегияевке бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр.

Белгілі болғандай, айыпталушы "Астана ЭКСПО – 2017" НК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған. Компанияның жарғысы бойынша қоғамға жалпы басшылық жасауға мүмкіндігі болғандықтан, онысын пара алу және "Астана ЭКСПО – 2017" көрмесіне дайындық және оны өткізуге арналған қаражатты жымқыру секілді қылмыс жасау үшін пайдаланбақшы болған.

Құрылыс жүргізуде тәжірибесі бар ол техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) құрылыс нысандарының бағасын қалыптастыруда негіз болатынын білген. Ермегияев қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін өзіне бағынышты ұйымдарды тарта отырып, ТЭН-дегі бағаны асыра отырып әзірлеуді ұйғарған.

Қоғам аударған ақшаның бір бөлігі қосалқы мердігерліктің жалған шарттарын жасаған жалған заңды тұлғалар арқылы кейін айыпталушыға табысталуы тиіс болған.

2012 жылдың қыркүйегінде Талғат Ермегияев Астанада Спорт істері және дене шынықтыру министрлігінің спорт дирекциясында жұмыс істейтін Азамат Тұматаевпен алдын-ала сөз байласады. Ермегияев Тұматаевқа бұл іске бұған дейін өзіне таныс, бұрындары істес болған компанияны жұмылдыруды тапсырады.

Тұматаев құжаттаманы әзірлеуге қатысу ұсынысымен Rona LTD ЖШС компаниясының басшылығымен байланысып, Ермегияевке пара беру үшін құрылыс құнын өсіру талабын жеткізеді. Басшылық келіседі.

2013 жылы Ермегияев құрылыс департаментінің директоры Қажымұрат Үсеновке Rona LTD ЖШС-мен шарт жасасуды бұйырады. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің заңсыздығын біле тұра, түрлі әдістермен құнын өсіруге нұсқау берген.

Ең төмен құн ұсынған компания тендердің жеңімпазы атанатыны баршаға белгілі. Осылайша, мәселе оң шешілуі үшін Rona LTD ең арзан ұсынысқа ие болуы тиіс.

Саудада "бәсекелестікті" ұйымдастыру үшін Үсенов Rona LTD басшылығы арқылы SHM+architects ЖШС-ін тартқан. Соңғысының ұсынысы Rona ұсынғаннан 299 миллион теңгеге әдейі артық болуы тиіс болды. SHM+architects басшылығы келіскен. Оған осы қызметі үшін қосалқы мердігерлік уәде етіледі.

Нәтижесінде, тендер тиісінше өтіп, бір көзден әдісімен сатып алынған. Он күн ішінде алғашқы төлем – құнның 30%-ы немесе 89 миллион жеңімпазға аударылады. Сонымен бірге, Ермегияев "шарт жасасу мәселесінің оң шешілуі" үшін 40 миллион теңгені қайтаруды сұраған.

Қомақты соманы қолма-қол ақшаға айналдыру мүмкін болмағандықтан, үлестес компаниялар арқылы аудару ұйғарылған. Осылайша, оларды қолма-қол ақшаға айналдырып, Ермегияевке табыстап отырған.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!