Екі адамның өліміне себепкер болған жүргізуші 7 жылға сотталды - БҚО

Фотография - Екі адамның өліміне себепкер болған жүргізуші 7 жылға сотталды - БҚО

Соның салдарынан жарақат алған "Лада Гранта" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды

302 0

 Орал қалалық сотының үкімімен абайсызда екі адамның өліміне соқтырған жол ережесін бұзғаны үшін Х.Мұхамбетқалиев ҚР ҚК 345-бабы 4-бөліміне сәйкес 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қоныс колониясында өтеуге сотталды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылды. 

Сот талқысында белгілі болғанындай, аталған жүргізуші 2015 жылғы қазанда түнгі уақытта мас күйінде автокөлік айдап, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, "Лада Гранта" автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Соның салдарынан жарақат алған "Лада Гранта" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. 

Сот жаза тағайындаған кезде қылмыстың мас күйінде жасалғандығын, сонымен қатар сотталушының кәмелетке толмаған балалары бар екендігін ескерді. Жәбірленушілер өкілдері бұдан да ауыр жаза белгілеу керектігі туралы пікірлерін білдірді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Тегтер:

қылмыс сот БҚО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!