Сотта Ермегияевқа "откат" ақшасына алынған Mercedes пен котедждер туралы айталды

Фотография - Сотта Ермегияевқа "откат" ақшасына алынған Mercedes пен котедждер туралы айталды

"Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ-дағы ақша жымқыру ісі бойынша алғашқы куәгерден куәлік калынды

862 0

"Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ-дағы ақша жымқыру ісі бойынша алғашқы куәгерден куәлік калынды, деп жазады Today.kz. Southfork ltd ЖШС директоры Сейіт Сейітовтің берген куәлігі бойынша, 2014 жылдың қаңтар айында оған Астанадағы құрылыс алаңына уақытша қоршау орнату туралы жоба жасап беру ұсынылды. Оның сөзінше, жобаны іске асыруға бөлінген 850 миллион теңгеден 350 миллионы АҚ басшысы Талғат Ермегиявке "откат" түрінде қайтарылу керек болған.

Осылайша, Сейітовтың айтуынша, сыйақының бір бөлігі Mercedes-Benz көлігін алуға жұмсалды, тағы 84 миллион теңге Астанадағы Телман ауылында екі котеджді салуға жөнелтілді.

"19 мамыр күні 45 миллион теңгені мен полиэтиленді пакетке оралған күйінде офиске кіріп алдым да, Ақылбаевқа (сотталушылардың бірі) Алматыдағы Blue Star автосалонына апарым бердім. Конвертті оған берер кезде мен оны құттықтадым. Ол не үшін деп сұрады. Мен сатып алып жатқан көлікпен деп едім, ол көліктің өзіне алынып жатпағанын түсіндірді. Кейін мен бұл көліктің Талғат Ермегияевтің пайдалануына алынғанын білдім", - дейді Сейітов.

Сонымен қатар ол ары қарай бұдан үлкен соммадағы міндеттерді орындау мәселесі болғанын айтады. Осылайша, шілде айында оған 20-30 миллион теңгеден беруге болмайтынын және келесі төлем 100 миллион көлемінде жасалу керек делінген-мыс.

Оның кәсіпорны жалға алу мен коммуналдық төлемге, үй күтушіге ЭКСПО-2017 құрылыс алаңын қоршауға бөлінген ақшадан 15,9 миллион теңге жұмсағандығын атап өтті.

Естеріңізге салсақ, басты сот отырысында Талғат Ермегияев кінәсін мойындамады. Басқа да 23 күдіктінің 14 өз кінәсін мойындаған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!