Үсеновтен сұрау алу кезінде судья Ермегияевқа күлкі үшін ескерту жасады

Фотография - Үсеновтен сұрау алу кезінде судья Ермегияевқа күлкі үшін ескерту жасады

Ұлттық компанияның экс-басшысы қол астында қызмет істеген Үсеновтың сөзі кұлдірген

677 0

"Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ-дағы ақша жымқыру ісі бойынша басты күдікті Талғат Ермегияевқа судья ескерту жасады, Ермегияев Қажымұрат Үсенов куәлік беріп жатқанда күлген, деп жазады Today.kz.

Оқиға "Southfork ltd" ЖШС директоры Сеіт Сейітовтың арызына қатысты прокурор Қажымұрат Үсеновке сұрақ қойып, Үсеновтың оғын берген жауабы кезінде болған. Судья сұрауды тоқтатып, Ермегияевқа ескерту жасауға тура келген.

"Ермегияев, тұрыңыз! Сотталушы Ермегияев, тұрыңыз, өтініш! Не, сізге күлкілі ма? Міне, Үсенов сұраққа жауап беруде, ал Сіз күліп отырсыз Сіз циркте отырсыз ба? " - деді судья Әділхан Шайхисламов.

Бұған Талғат Ермегияев: "Жоқ, күлкілі емес", деп жауап қатты.

Судья Ермегияевке ескерту жасап, отырыуын сұрады.

Осыдан соң Ермегияев аузын қолымен жауып, күлкісін тоқтатып орнына отырған.

Естеріңізге салсақ, куәгерлердің бірінің адвокатының сұрауы бойынша сотқа Ерболат Досаев, Әнуарбек Мусин және Қайрат Келимбетов сияқты жоғары шенді шенеуніктер шақыртылуы мүмкін.

Прокурорлардың айтуынша, Ермегияев жалпы 10,2 миллиард теңге жымқырған. Алайда, Ермегияев сот барысында кінәсін мойындамады, ал өзге 23 айыпталушының 14 өз кінәләрін мойындаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!