Жезқазғанда ұл баламен кетіп қалған мектеп оқушысын іздестіруде

Фотография - Жезқазғанда ұл баламен кетіп қалған мектеп оқушысын іздестіруде

Сурет Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінен

Лия Бейдель 4 сәуір күні жоғалып кеткен

627 0


Жезқазғанда 4 сәуірден бері 13 жасар Лия Бейдель ізддестірілуде. Іздеу амалдарына полиция, әскерилер, білім беру бөлімі қызметкерлері мен еріктілер тартылған, деп жазады Today.kz Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қыздың анасы Анастасия Лияның жоғалып кетерден бұрын досының үйінде болғанын айтады.

"Мектепте сабақта болған. Сосын өзінің досының үйінде болған, заттарын қалдырып, киімін ауыстырған. Сосын басқа ұл досымен бір жаққа кеткен. Мен оны білмеймін. Бұрындары да ары-бері қыдырып шығатын, дегенмен, үйге қонбау мүлде болған емес. Телефоны сөндірулі – симкасын алып тастаған", - дейді әйел.

Лияның қайда екенін білетін жандарды полиция мына нөмірлер бойынша хабарласуын сұрайды: 8-7102-76-15-53,76-33-99, факс 76-33-99, немесе 102.

Қыздың ерекше белгілері: бойы 160-165 сантиметр, арықтау келген, шашы сары, көзі қоңыр, қыр мұрынды. Үстіне қара түсті былғары куртка, ақ түсті футболка, көк түсті джинсы шалбар, табаны ақ, қара түсті кеды киген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!