Ермегияев ісі бойынша куәгер сметаның қасақана үш есе асыра көрсетілгенін айтты

Фотография - Ермегияев ісі бойынша куәгер сметаның қасақана үш есе асыра көрсетілгенін айтты

Куәгердің айтуынша, 350 миллионға жасалған жұмысты жүргізуге сметада 950 миллион жұмсалды деп көрсетілген

3105 0

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-дағы ақшы жымқыру ісі бойынша сұрау алу кезінде куәгерлер су желісі мен канализация орнату жұмыстарының ақысы асырып көрсетілгенін айтты. Жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамасыз жүргізілгені анықталды, деп жазады Today.kz.

Сот залында "Дирекция по строительству объектов спорта" ЖШС-да істеген Сергей Бандурин атты куәгер сұралды. Ол су желісі мен канализация орнату жұмыстары жобасына техникалық бақылау жүргізген. Прокурорлар мен адвокаттар сұрағына жауап бере отырып, Бандурин жұмыстардың ЖСҚ-сыз жүргізілгенін және толық түрде орындалмағанын айтты, дегенмен, Бандурин оларға қол қою керек болған. "Директор қол қою керек деп айтты", - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар Бандурин мен тағы бірқатар куәгерлер құрылысты заң бойынша жобалық-сметалық құжатсыз жүргізуге болмайтынын мойындады.

Сотта су желісі мен канализация орнату жұмыстарымен айналысқан мердігерлік компания бөлімдерінің бірінің жетекшісі Ольга Данилина сұралды. Оның айтуынша, ол істейтін компания директоры су желісін орнату жұмыстары бойынша келісімге қол қойылатын кезде әйелді Сейіт Сейітовпен таныстырған (күдіктілердің бірі) және осы жұмыстардың сметасын қымбаттау баға көрсетіп жасап беруін сұраған.

"Смета соммасы шамамен 950 миллион теңге. Біздің мердігер ретіндегі соммамыз алдымен 317 миллион, ал кейін құрылғыларды қосқанда – 350 миллион теңге болатын. Біздің істеген жұмыстарымыз 350 миллион теңгеге жасалды", - дейді Данилова.

Естеріңізге салсақ, "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмедегі жымқырулар бойынша ісі бойынша сот процесі 2016 жылдың 4 сәуірінде басталды. Сот барысында куәгерлер Ермегияевтың ақша жеу амалдарын ашып беруде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!