Жамбыл облысында 6 жасар баланы өлтірген күдіктіге қатысты сот басталды

Фотография - Жамбыл облысында 6 жасар баланы өлтірген күдіктіге қатысты сот басталды

Баланың денесінен 11 пышақ жарақаты анықталған

489 0

Жамбыл облысында алты жасар балану өлтіруге байланысты шулы іс бойынша сот процесі басталды. Айыпталушы Байзақ ауданы Бурыл ауылының тұрғыны Дурсун Каваз-оглы. Қылмыстық іс материалы бойынша, баланы қатыгездікпен өлтіру мүлікті тонаумен жанасты, деп жазады Today.kz.

Сайманды қайтарып беру сылтауымен үйге енгеннен кейін баланың басқа жаққа назар салғанын пайдаланып, бөтен киімдердің қалтасын ақтара бастаған. Алайда, бала мұны байқап қалып, ақшаны қайтару керектігін немесе мұны ата-анасына жеткізетіндігін айтқан. Осыдан кейін, Каваз-оглы баланы жатын бөлмеген апарып, жастықпен тұншықтырған. Кейін пышақпен қаруланып, бірнеше рет балаға пышақ салып, оқиға орнынан жасырынған.

Мұның алдында баланың денесінен 11 пышақ жарақаты анықталғаны хабарланған, оның үшеуі өлімге әкелетін жарақат.

Дурсун Каваз-оглы ҚР ҚК 191-бабының 1-тармағы "Тонау, яғни, өзгенің мүлкін ашық ұрлау" мен 99-бабының 2-тармағы 10,14-тармақшалары "Кәмелетке толмаған тұлғаны өзге қылмысын жасыру мақсатында өлтіру" бойынша айыпталуда.

Естеріңізге салсақ, ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов оқиға жайында баяндай отырып, мұның ұлт аралық араздыққа қатысы жоқтығын айтқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!