Қарағанды облысында граната жарылып, екі әскери жарақат алды

Фотография - Қарағанды облысында граната жарылып, екі әскери жарақат алды

Әскерилерді Абай қаласының ауруханасына жатқызды

306 0

ТЖ Қарағанды облысында орын алған. Қарабас ауылындағы полигонда 7 сәуір күні штаттық жаттығу кезінде, сағат 11:10-де РГД 5 гранатасы жарылды, деп жазады Today.kz.  

Жарылыс нәтижесінде 6505 әскери бөлімінің полковнигі, штаб бастығы 1977 жылы туған Қайрат Үмбетов пен 1996 жылы туған жедел әскери қызметпен борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Абзал Сұлтанқұлов жарақат алды. Олар Абай қаласындағы аудандық ауруханаға жатқызылды. Мәлімет көзінің хабарлауынша, әскерилер жеңіл жарақаттанған: Үмбетов – жамбасына жарықшағқ тиген, ал Сұлтанқұлов – оң бөксесінен жарықшақпен жарақаттанған. Қазіргі кезде олар амбулаториялық емге жатқызылды.

Сарбазды дер кезінде итеріп үлгерген полковниктің осы амалы болмағанда оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында ТЖ туралы ақпаратты растады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!