Полицейлер пезда жанжал шығарған мас жолаушыны түсіріп тастады

Фотография - Полицейлер пезда жанжал шығарған мас жолаушыны түсіріп тастады

Көлік полицейлері оның үстінен ҚР ӘҚБтК 434 бабы 1 тармағына (Ұсақ бұзақылық) сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.

154 0

Ағымдағы жылғы 6 сәуірде "Алматы-Маңғышлақ" бағытындағы жолаушылар пойызының вагондарының бірінде 45 жастағы ОҚО тұрғыны мас күйінде жанжал шығарған, яғни, басқыншылық көрсетіп, ескертулерге құлақ аспаған, жолаушылар мен пойыз жолсерігіне дөрекі сөздер айтқан.

Аталған жолаушылар пойызы бастығының актісіне сәйкес жүргізілген тексеру кезінде Қызылорда ст. ІІЖб жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру взводы қызметкерлері жанжал шығарған ер азаматты пойыздан түсіріп тастады, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жанжал шығарған азамат орташа деңгейде алкогольдік ішімдікке мас күйде екені анықталды.

Көлік полицейлері оның үстінен ҚР ӘҚБтК 434 бабы 1 тармағына (Ұсақ бұзақылық) сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылғы 3 сәуірде Қызылорда облысы Төретам стансасында "Алматы-Маңғышлақ" жолаушылар пойызы бастығының актісіне сәйкес көлік полицейлері аталған пойыздан 1994 жылы туылған Атырау облысының тұрғынын мас күйінде дөрекі сөздер айтқаны үшін пойыздан түсіріп тастаған болатын.

Осыған қатысты ҚР ӘҚБтК 434 бабы 1 тармағына (Ұсақ бұзақылық) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылған, делінген таратылған хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!