Таразда табылған баланы анасы ақшаның жоқтығынан тастап кеткен

Фотография - Таразда табылған баланы анасы ақшаның жоқтығынан тастап кеткен

Таразда көшеден табылған 3 жасар Әлиханның анасы ұлынан бас тартты.

647 0

Таразда көшеден табылған 3 жасар сәбидің анасы табылды. 40 жастағы келіншек Алтынай Байқоңырова баласын әдейі қалдырып кеткенін мойындаған. Прокурорларға берген түсінігінде ол баласын бағып-қағуға жағдайы жоқ екенін айтыпты.

"Тұратын жері, жұмысы, балаларды апаратын жері жоқ болуына байланысты, мемлекеттік мекемеге өткізуге қарсылығы жоқ екенін білдірді. Бүгін Алтынай Байқоңырованы біз облыстық әлеуметтік, еңбекпен қамсыздандыру басқармасына қарасты «Кризистік орталыққа» орналастырдық. Ата-аналық құқығынан айыру туралы шаралар қолдану үстінде", - дейді Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев.

Тілі толық шықпаған Әлихан бір апта бұрын табылған еді. Ол тек өз есімі мен анасының атын ғана біледі. Құзырлы орган мамандары балақайды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырған. Алтынай Байқоңырованың бұдан басқа тағы екі баласы бары анықталды. Полиция 11 және 7 жастағы ұлдарын да бейімдеу орталығына орналастырды.  Бұған дейін қос жеткіншек туыстарының үйін паналап келген.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!