Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты күтпеген айғақтар сот ісін өзгертті

Фотография - Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты күтпеген айғақтар сот ісін өзгертті

Қытай соты қызға қатысты істі кейінге қалдырды.

874 0

Есірткі тасымалданды деп айыпталып, Қытай соты өмір бойы бас бостандығынан айырған Ақжарқын Тұрлыбайдың апелляциялық соты кейінге қалдырылды.

"Процеске Ақжарқынның қорғашусы, аудармашы мен туыстары қатысты. Сондай-ақ, сот процесіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің қызметкері Болат Сырлыбаев та келді. Сот қорғаушы тараптың өтінішін зерттеу үшін келесі сот отырысын кейінге қалдырды. Келесі отырыстың уақыты әзірге белгісіз. Біз ұсынған өтініштерді қарап, сот алдағы отырыста үкім шығаруы да мүмкін", - дейді Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов.

Адвокат Ақжарқынның денсаулығы қалыпты екенін, оған анасымен жүздесу мүмкіндігі берілгенін айтады.

Естеріңізге салсақ, 2014 жылы наурыз айында Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталып, оған есірткі тасымалдады деген айып тағылған болатын 2015 жылдың маусым айында оны өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққан болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!