Шымкенттік келіншек шұжық үшін адам өлтірмек болған ұрымен төбелесті

Фотография - Шымкенттік келіншек шұжық үшін адам өлтірмек болған ұрымен төбелесті

Оқиға 2 сәуір күні түнгі сағат 3-тер шамасында орын алды.

173 0

Шымкент тұрғыны шұжық үшін адам өлтірмек болды деп хабарлайды ТВК арнасы.
Оқиға 2 сәуір күні түнгі сағат 3-тер шамасында орын алды. Белгісіз азамат Шымкент теміржол вокзалындағы дүңгіршектердің бірінен үш шұжықты алып, иесін пышақпен қорқытқан. Оны байқаған 34 жастағы Манзура Тештемірова бірден көмекке ұмтылған.
Пышақпен қаруланған ер адам оған дене жарақатын салып оқиға орнынан қашып кетпек болған. Бірақ оның бұл әрекетінен түк шықпады. Полиция қызметкерлері келіп жеткенше қайсар әйел оны ұстап тұрған.

Ұры келіншектің қолын ауыр жарақаттаған. Әйтсе де, Манзура қоғамға қауіпті адамды құрықтау үшін барын салғанын айтады. Шымкенттік полицейлер келіншекке алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.
Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!