Куәгер пара ретінде берілген ақшаға Ермегияевтің пәтері қалай сәнделгенін айтып

Фотография - Куәгер пара ретінде берілген ақшаға Ермегияевтің пәтері қалай сәнделгенін айтып

Бүгін сотта "Southfork ltd." ЖШС-ның бұрынғы жабдықтаушысы Саят Еркебұланов сөйледі.

511 0

Астанада "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ экс-басшысы Талғат Ермегияевке және атышулы қылмыстық істің басқа да фигуранттарына қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Бүгін сотта "Southfork ltd." ЖШС-ның бұрынғы жабдықтаушысы Саят Еркебұланов сөйледі.

Естеріңізге салып өтсек, бұған дейін "Southfork ltd." ЖШС директоры Сейіт Сейітов сотта Ермегияевтің көмегімен келісім бекітпей-ақ ЭКСПО аумағынан сумен қамту желілерін шығару жұмыстарына кіріскенін мойындаған еді. Жұмыстың жалпы құны 950 млн теңге деңгейінде тіркелді, ал іс жүзінде шығын 350 млн теңгені құраған. Бағадағы айырма пара ретінде Ермегияевке берілген.

Сейітовтің сөзінше, пара ретінде берілген ақша Кеген кентінде аңшылар үйін (145,3 млн теңге) салуға, Тельман кентіндегі тұрғын үй алабында екі коттедж құрылысына (132,8 млн теңге), Астанадағы Қараөткел шағын ауданында Ермегияев үшін коттеджді жалға алу құнын төлеуге (15,6 млн теңге) және оның Астанадағы Абай, 43 көшесінде орналасқан пәтерін жөндеуге (21,4 млн теңге) жұмсалған. Бұған қоса, Сейітов қолма-қол ақша түрінде 300 млн теңге берген.

Еркебұланов "Southfork ltd." ЖШС-ның Абай көшесіндегі пәтерге күрделі және косметикалық жөндеу жүргізу үшін басқа бір жекеменшік компаниямен келісімшарт бекіткенін мәлімдеді.

"Бұл пәтерде күрделі және косметикалық жөндеу жүргізілді. Қандай сомаға уағдаласқандарын білмеймін, бірақ келісімшартқа қол қойылды. Андре (жекеменшік компанияның сәулетшісі) жұмыстың сапасын бір өзі бақылады, мен тек дәнекерлік рөл атқардым. Осылан кейін ол Астанадағы дүкендерден пәтерге жиһаз сатып алу керектігін айтты. Пәтер үш бөлмелі, біз ас үй гарнитурын, диван, кресло сатып алып, пәтерді ыңғайластырдық. Барлық жұмыс 2014 жылдың қарашасында аяқталды. Пәтерді тапсырып, актілерге қол қойдық. Кейін, 2015 жылы мен "Southfork ltd." ЖШС филиалынан шығып кеттім", - деді Еркебұланов.

Оның айтуынша, пәтерге кеткен барлық шығынды "Southfork ltd." ЖШС төлеген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!