ТЖК: Астана әуежайының ұшып-қону жолағын су басу қауіпі жоқ

Фотография - ТЖК: Астана әуежайының ұшып-қону жолағын су басу қауіпі жоқ

Тексеру кезінде Майбалық көліндегі су деңгейі қалыпты деңгейде екені анықталды.

220 0

Астана халықаралық әуежайының маңындағы аймақты жұма күні жайылма су басты, ұшып-қону жолағын су басу қауіпі жоқ, деп хабарлады ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

"Тексеру кезінде Майбалық көліндегі су деңгейі қалыпты деңгейде екені анықталды. Халықаралық әуежайының аумағында және ұшу жолақтарында су басу қаупі жоқ.  Әуежай аумағындағы су қардың еруі мен жаңбырдың жаууы салдарынан жиналды", — деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Әуежай аумағынан су шығарылды.

Қазір әуежай қызметкерлері, Астана және Ақмола облысының ТЖД — 13 адамы су деңгейін тексеріп жатыр.  Сондай-ақ 7 техника тартылды.  

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!