Жезқазғанда жігітпен қашқан оқушы қыз табылды

Фотография - Жезқазғанда жігітпен қашқан оқушы қыз табылды

13-жасар оқушы қыз іздеуде бір апта уақыт болды.

1035 0

Полицейлер Жезқазғанда жоғалған 13 жасар мектеп оқушысы Лия Бейдельді іздеп тапты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Қызым табылды. Полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын. Бастысы, оның денсаулығы жақсы. Бір жігіттің жанында болған екен, оның да жағдайы да жақсы, тәуба. Басқа ештеңе айтқым келмейді", - дейді қыздың анасы Анастасия.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын үйден шығып кетіп, қайтып келмеген Лияны ата-анасы мен туыстары іздестіріп жатқан болатын. Анастасия бұрын-соңды мұндай жағдай болмағанын айтады.

Жезқазған қалалық ІІБ басшылығы криминалдық және жергілікті полиция қызметінен жедел іздестіру тобын құрып, іске кірісті. Сонымен бірге, іздеу жұмысына әскерилер, білім беру бөлімінің қызметкерлері және еріктілер жұмылдырылды. Кейіннен Лия досының жанында болғаны анықталды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!