БҚО-да педофилдердің саны 4 есеге көбейіп кеткен

Фотография - БҚО-да педофилдердің саны 4 есеге көбейіп кеткен

Педофилдердің 90%-ы облыс ауылдарынан шыққан.

711 0

Соңғы 5 жылдың ішінде БҚО-да кәмелет жасқа толмағандарды зорлау фактісі төрт жарым есе көбейген деп хабарлайды nur.kz порталы "Уральская неделяға" сілтеме жасап.

Педофилдердің 90%-ы облыс ауылдарынан шыққан. Прокурорлар тұрғындардың күн санап азғындап бара жатқанына дабыл қақты. Олар қылмысқа көбіне жұмыссыз отырған әрі ішкілікке салынған ауыл тұрғындары баратынын мәлімдеді.

Бүгінде 12 жасар қызын 3 жыл бойы зорлап келген өгей әкенің ісі сотта қаралуда. Ал өткен жылы Сырым ауданының тұрғыны 12 жасар қыз баланы зорламақ болғаны үшін 6 жылға сотталған болатын.

Осы жылдың наурызында 13 жасар қызын зорлаған педофил 15 жылға сотталған. Қыз баланың анасы бұл фактіні жасырмақ болғанымен, жеткіншектің аяғы ауыр болып, қылмыстың беті ашылған.

Педофилдер мәселесін жиі қарастыратын БҚО прокуроры Алмагүл Исмағұлова болса, өңірде педофилдердің көбеюіне не себеп екенін анықтауға тырысты.

"Барлық жағдайда қылмысқа материалдық және моральдық тұрғыдан сәтсіздікке ұшыраған ер адамдар барған. Қылмыстардың дені, яғни 90%-ы ауылдық өңірлерде болған. Ал ауылда көбіне жағдайы төмен отбасылар тұрады. Меніңше, кәмелет жасқа толмағандарды зорлайтын ер адамдар осылайша өздерінің мықтылығын дәлелдеуге тырысады. Ал жақсы отбасыларда мұндай жағдай біздің өңірде тіркелген емес", - дейді Исмағұлова.

Маманның айтуынша, педофилдер - көбіне 40-45 жастағы ішкілікке салынған ер азаматтар. Прокурор қызының қауіпсіздігіне немқұрайлы қарайтын аналарда да кінә бар екенін алға тартты.

"Аналар балаларын туысқандарының үйінде қонуға жібере салады. Тіпті бірге тұратын ер адамының қызына не ұлына зорлық көрсетіп жүргенін байқамайды. Аналар қалайша өз балаларының күйзеліске түсіп, мінезінде өзгерістер пайда болғанына мән бермейді? 2014 жылы мені есеңгіреткен бір жағдай болды. Зеленовский ауданында әкесі 7 жасар туған ұлын бірнеше ай бойы зорлап келген. Ал анасы болса, ештеңеден күдіктенбеген. Ал осы жылдың қарашасында Оралда ер адам 8 жасар ұлын мас күйде зорлап тастаған", - деп жантүршігерлік жағдайларды тізбектеді прокурор.

Исмағұлова, ер адамдардың, тіпті қорғансыз 5 жасар баланы да зорлаудан тайынбайтынына күйінеді.

"2015 жылдың жазында Сырым ауданында 5 жасар қыз бала зорланды. Ауыр жағдайдағы баланы облыстық емханаға тікұшақпен жеткізуге тура келген. Оның ішкі ағзасы әбден зақымдалған. Дәрігерлер бірнеше сағат отадан кейін балақайды әзер аман алып қалды. Қыз баланы көрші зейнеткер зорлаған. Ол қыздың ата-анасы тойға кеткенін пайдаланып, қараусыз қалған қыз балаға мас күйде әбден қорлық көрсеткен. Сот оны 17 жылға бас бостандығынан айырды", - дейді прокурор.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!