Алматыдан оңтүстік батыста 6,8 магнитудалық зілзала болды

Фотография - Алматыдан оңтүстік батыста 6,8 магнитудалық зілзала болды

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

513 0

10 сәуірде сағат 16:28-де Алматыдан 787 шақырым жерде Ауғанстанда күшті жер сілкінісі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зілзала күші Рихтер бағамымен 6,8 балға жетті. Энергетикалық сыныбы 14,5 болса, тереңдігі 20 шақырымда орналасқан.  Апаттан қаншалықты зиян келгені туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. 
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жерасты дүмпуі ел астанасы Кабулде қатты сезілген. Пәкістан мен Үндістанның кейбір аймақтарында және еліміз бойынша Шымкент пен Тараз қалаларында да 3 балдық қуатпен жер сілкінгені туралы хабар бар. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!