Қостанайдың экс-әкімі Ахметжанов 13 жылға сотталды

Фотография - Қостанайдың экс-әкімі Ахметжанов 13 жылға сотталды

Сот залында шенеуіктің қолына кісен салынды.

857 0

Қостанай қаласының бұрыңғы әкімі Ахмедбек Ахметжановты Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша айыпты деп танып, қатаң режимдегі колонияда 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды "Костанайские новости".  Сот залында шенеуіктің қолына кісен салынды.

Әкімнің орынбасары Мақсұт Қалиев пара алуға қатысы бар болғандықтан жалпыға бірдей колонияда төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Үш кәсіпкер - Леонид Васильев, Сергей Биктибаев и Гагик Овнанян - қатаң режимдегі колонияда 14, 11,10 жылға жабылды.

Естеріңізге сала кетейік, Ахмедбек Ахметжановқа қатысты іс процесі 2016 жылдың 25 қаңтарында басталған болатын. Лауазымды шенеунікке аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылған. Сонымен қатар әкімнің екі орынбасары да қамалған болатын.

Істің материалдарына сәйкес, өткен жылдың қыркүйек айында Қостанайдың экс-әкімі бала бақша салуды мемлекеттік сатып алу конкурсында заңсыз түрде ЖШС "Стройметсервис - 2007" алып берген. Сонымен қатар, экс-шенеунік  ХҚКО салуда  қызмет бабын асыра пайдаланған. Сонымен бірге, Ахметбеков ЖШС "Улан" жұмысына бөгет жасаған. Айта кету керек Қостанайдың экс-әкіміне ҚР ҚК бес бабы бойынша айып тағылған. Алайда, сот барысында прокурор Таңат Тасов бірнеше айыптардың болжамды екенін айтқан.

"Осыған орай айғақсыз тағылған айыптаулар істі көлемді етіп көрсетті", - деді Тасов.

Ахметжанов ҚР ҚК 366 бабы 3 тарауы "Аса ірі көлемде пара алу" және 24 бабы 3 тарауы "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" айыпталған.  Оның орынбасары Мақсұт Қалиев ҚР ҚК 368 бабы 2 тарауы "Парақорлыққа делдал болу" айыпталған;  ЖШС "Сыл" директоры ХҚКО салумен айналысқан Гагик Овнанян ҚР ҚК 367 бабы 4 тарауы "пара беру" және Ахметжанов секілді 24 бабы 3 тарауы "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" айыпталған.

Ертеректе айтылғандай, Қостанайдың №2 сотында әкімнің бұрынғы орынбасары Фрунзику Аракелянға сот үкімі шыққан. Ол конкурста жеңген мердігерден пара алды деп айыпталған. Сот Фрунзику Аракелянды жеті жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындаған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!