Ермегияевті енді Жәкішевтің бұрынғы адвокаты қорғайды

Фотография - Ермегияевті енді Жәкішевтің бұрынғы адвокаты қорғайды

Ермегияевті енді Данияр Қанафин қорғайтын болады

536 0


"Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ-дағы ақша жымқыру ісі бойынша басты күдікті Талғат Ермегияевтің үшінші адвокаты пайда болды. Ол "Қазатомпром" АҚ экс-басышысының қорғаушысы болған – Данияр Қанафин болды, деп жазады Today.kz.

11 сәуірде сот Канафиннің Ермегияевтің қорғаушысы болу туралы өтінішін қарастырды. Сонымен бірге ол қылмыстық іс материалымен танысуға уақыт сұрады. Өтініш толықтай қанағаттандырылмады. Судья сот ісімен сот барысынан бөлек кез-келген уақытта танысуға болатындығын айтып, сот барысын тоқтатпады.

Айыптау актісіне сәйкес, Талғат Ермегияев компания жетекшісі бола отырып, жымқырылған қаржыдан 4,2 миллиард теңге көлемінде сыйақы алған. Жалпылай қолды болған қаражат 10,2 миллиард теңгені құрйды. Алайда, Талғат Ермегияевтің өзі кінәсін мойындамады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!