Қиыр Шығыста 1,3 мың гектар жер өртенді

Фотография - Қиыр Шығыста 1,3 мың гектар жер өртенді

Өрт сөндіру жұмыстарына 300 адам, бір әуе кемесі және 54 техника жұмылдырылды.

284 0

Қиыр Шығыста орман өртінен 1,3 мың гектар жер күлге айналды. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

"Өткен күні Қиыр Шығыс федералды округында 28 орман алқабы отқа оранды, оның 18 Примор өлкесіне қарасты. Қызыл жалын жалмаған жердің аумағы 1,29 мың гектарды құрайды", – деп мәлімдеді аймақтың орман шаруашылығы департаменті.

Мәліметтерге сәйкес, Амур облысында да мұндай жағдай тіркелген. Өрт сөндіру жұмыстарына 300 адам, бір әуе кемесі және 54 техника жұмылдырылды.

"Дүйсенбі күнгі жағдай бойынша, өрт сөндірушілердің көмегімен 19 орман алқабындағы қызыл жалын сөндірілді. Қазіргі кезде арнайы топ Амур облысындағы бес және Примор өлкесіндегі төрт орманды сөндірумен айналысып жатыр", – деп мәлімдеді аталған департамент.

Осы жылдың басынан бері жалпы көлемі 3,04 мың гектар болатын 76 орман өртенген. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 11 мың гектарға дейін жеткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!