Алматыда жол апаты жиі орын алатын көше қиылыстары

Фотография - Алматыда жол апаты жиі орын алатын көше қиылыстары

ЖКО фактісін тіркемей, өзара келісіп жататын жағдайлар көбірек. Жөндеудің орташа құны – 343 289 теңге.

665 0

"Kompetenz" сақтандыру компаниясының ақпараттық-талдау орталығының мамандары былтырдан бері жүргізген статистикаға талдау жасап, жол апаты жиі болатын көше қиылыстарын атады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Жүрекке қорқыныш ұялататын рейтингтің көшін Шығыс айналма жолының Халлиуллин көшесінен Балтабаев көшесіне дейінгі учаскесі бастап тұр. Бұл маңда күн сайын орташа есеппен 2,9 жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Көп жағдайда осы қиылыста соқтығысқан жүргізушілер көлікке қатты зиян келмесе, ЖКО фактісін тіркемей, өзара келісіп жатады. Жөндеудің орташа құны – 343 289 теңге. Шығыс айналма жолындағы жол апатына жылдамдықты асыру жиі себеп болып жатады", - делінген сақтандыру компаниясы таратқан хабарламада.

Одан кейінгі орында – Райымбек даңғылы, "Алтын Орда" базарының маңы. Үшінші орында – Райымбек даңғылындағы бұрынғы "Сайран" автовокзалының ауданы. Мамандардың пайымынша, бұған көше жолдарында күндіз-түні қозғалыстың толастамауы басты себеп.

Жол апатының саны жағынан Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысы "үздік" үштіктен кейін жайғасқан. АТО мәліметінше, бұл жерде жол апатының жиі тіркелуі басып озу мен маневр жасау ережелерін бұзумен байланысты. Одан кейін Алтынсарин-Жандосов қиылысы, жөндеудің орташа бағасы 107 617 теңгеге дейін барады.

Бұған қоса, Төле би-Байзақов, Мұқанов көшелерінің қиылысы, Абай даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысы да жүргізушілер үшін қауіпті тұстардың қатарына жатады. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!