Жамбыл облысында 1 келіден аса "марихуана"тәркіленді

Фотография - Жамбыл облысында 1 келіден аса "марихуана"тәркіленді

Тексеру барысында күдіктінің спорттық сөмкесінің ішінен жабайы қарасора тектес өзіндік иісі бар, өсімдік тектес жасыл түсті зат табылды

439 0

Жамбыл облысының Луговая станциясындағы Желілік полиция бөлімінің есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлері "Өрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында "Мартин" лақап атты қызметтік-іздестіру итінің қөмегімен 42 жастағы Жамбыл облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлады  Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

Тексеру барысында күдіктінің спорттық сөмкесінің ішінен жабайы қарасора тектес өзіндік иісі бар, өсімдік тектес жасыл түсті зат табылды.

Сараптама нәтижесіне сәйкес күдіктіден тәркіленіп алынған зат жалпы салмағы 1 келі 66 грамм болатын "кептірілген марихуана" есірткі заты екендігі анықталды.

Күдікті Луговая ст. Желілік полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына отырғызылды.

Аталған факт ҚР ҚК 296 бабы 4 тармағы бойынша (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. 
Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 4 және 9 сәуір аралығында Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында "Өрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Шара барысында 5 қылмыс және 12 қылмыстық теріс қылық анықталды. Заңсыз айналымнан 1 келі 200 грамм әртүрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!