Қарағандыда алаяқтар мектеп директорларын бопсалаған

Фотография - Қарағандыда алаяқтар мектеп директорларын бопсалаған

Өздерін "министрліктенбіз" деп таныстырған жалған комиссия 10 мектептің директорларынан ақша бопсалаған.

799 0

Қарағанды облысында өздерін "министрліктенбіз" деп таныстырған жалған комиссия 10 мектептің директорларынан ақша бопсалаған. Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Жалған комиссияның жұмысы туралы мәлімет ең алдымен облыстың Ақбастау ауылындағы мектеп директорынан түсті. Ол "102" телефонына хабарласып, үш адамнан тұратын комиссияның "кемшіліктер табыла қалса оған көз жұмамыз" деп, 100 мың теңге бопсалағанын хабарлаған.

Сол күні жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары бұрын істі болған 54 жастағы әйел мен оның екі сыбайласын  ұстады. Тергеу барысында күдікті әйел өзінің арам ойын іске асыру үшін екі адамды жалдағанын мойындады. Сондай-ақ, жалған комиссияның 10 мектеп директорларынан ақша  бопсалағаны анықталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!