Қостанай облысының ІІД YouTube жарияланған роликтен кейін тергеу жүргізуде

Фотография - Қостанай облысының ІІД YouTube жарияланған роликтен кейін тергеу жүргізуде

Ролик авторы полицейге пара беру кезін түсіріп алғанын айтады

1053 0

10 сәуірде YouTube бейнехостинінде қостанайлық Volod' .ka  интернет пайдаланушысының полицияға қатысы бар ролигі жарияланды. Авторлың айтуынша, ол құқық қорғау органы қызметкеріне пара беру жәйтін түсіріп алған. Бейнеролик Дзержинский көшесіне қарайтын пәтерден түсірілген. Today.kz редкциясы болған жағдайды түсіндіріп беру сұранысын аймақтық ІІД-не жолдады.

Кадрден жол полицейінің Р 755 КР мемлекеттік нөмірлі патрульдік көліктің маңында тұрғаны көрінеді. Осы кезде белгісіз ер адам полиция көлігінің есігін ашып, қозғалысқа қарағанда көлік орындығына бірдеме қояды. Кейін ер адам өз жөнімен кетеді, ал полицей жол қозғалысына қарап тұра береді.

"Қостанай облысының ІІД роликті жіті тексерді. Аталған факт бойынша қазіргі кезде жергілікті полиция тергеу жүргізуде, оның нәтижесі бойынша шаралар қолданылады. Сонымен бірге жүргізушіні анықтау шаралары да қолға алынды. Оның куәлігі қызметтік тергеу барысында ескеріледі", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!