Алматыда иттер талаған кішкентай қыздың өлімін полиция анықтауда

Фотография - Алматыда иттер талаған кішкентай қыздың өлімін полиция анықтауда

Сәби үш жасар болатын.

384 0

Алматының "Ақбұлақ" ықшамауданында үлкендердің қарауынсыз қалған үш жасар қызды иттер талап өлтірді, деп хабарлайды Today.kz қалалық ІІД сілтеме жасай отырып. 

"Аталған факт Алматының Алатау ауданында 13 сәуірде 10:21-де болған. "Ақбұлақ" ықшам ауданында кішкентай баланы иттер талады деп ІІД-не хабар түскен. Оқиға орнына жеде-тергеу тобы "Буран" экипажы барған. Сәбидің атасының айтуынша, кішкентай немересі жеке сектордағы үйдің алаңқайында үлкендердің қарауынсыз болып, қаңғыбас иттерге таланған", - деп хабарлайды ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қыз оқиға орнында мерт болған. Аталған факт бойынша Алатау аудандық ІІБ тергеу бөлімі жұмыс жасауда. Сот-медициналық экспертиза тағайындалды. Тергеу нақтыланып, процесуалдық шешім шығарылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!