Қазақстанда халықаралық қылмыстық топ мүшелері тұтқындалды

Фотография - Қазақстанда халықаралық қылмыстық топ мүшелері тұтқындалды

Елімізде есірткі сатумен айналысқан халықаралық қылмыстық топ қолға түсті.

272 0

Тәртіп сақшыларынан 1,5 жылдан бері бой тасалап келген 15 күдікті Қостанай, Рудный, Лисоковск және Қарағанды қалаларында ұсталған. Қостанай қаласында қолға түскен қылмыстық топ мүшесінен 3 келіден астам героин табылды. Ол "Алғашқы қарлығаш" деген лақап атпен танымал Қырғызстан азаматымен сыбайластық орнатып, есірткі сатумен айналысқан. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ұйымдасқан топ Орталық Азия мемлекеттеріне ірі көлемде героин партияларын тасымалдап келген.

Сұлтан Құсетов, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастығы:
- Ел аумағында халықаралық қылмыстық топтың өзге де мүшелері болуы мүмкін. Оларды да ұстауға тырысатын боламыз. Трансұлттық қылмыстық желінің жолдарын кесіп, героин тасымалын тоқтатуымыз керек.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!