Ақтөбе облысының тұрғыны жаңа туған сәбиін подъездге тастап кеткен

Фотография - Ақтөбе облысының тұрғыны жаңа туған сәбиін подъездге тастап кеткен

Жаялыққа орап тастаған тастанды баланың анасы бес күннен бері іздестірілуде.

767 0

Ақтөбе облысында тұрғын үйлердің біріндегі подъезден жаңа туған бала табылды деп хабарлайды nur.kz.

Жаялыққа орап тастаған тастанды баланың анасы бес күннен бері іздестірілуде.

Оқиға 8 сәуір күні Ақтөбе облысына қарасты Қандыағаш қаласында тіркелді. №46 үйдің тұрғындары подъезде жатқан баланы көріп, бірден полицияға хабар берген.

"8 сәуір күні жаңа туылған бала подъезден табылды. Баланың денсаулығы бәрі жақсы. Үстіне жаялығын орап кеткен. Баланы кімнің тастап кеткені әлі анықталған жоқ, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Сәбиді қаладағы балалар үйіне апарып тастады", - дейді Қандыағаш қалалық полиция бөлімшесі басшысының орынбасары Алтай Аманжолұлы.

Тастанды сәби қазір балалар үйіндегі мамандардың қарауында. Шекесі торсықтай ұл баланың анасы іздестіріліп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!