Алматыда қызды талаған оқиға туралы маман: тұрғындар өздері иттерге тамақ береді

Фотография - Алматыда қызды талаған оқиға туралы маман: тұрғындар өздері иттерге тамақ береді

Ветеринария орталығы директорының орынбасары оқыс оқиға туралы пікір білдірді.

542 0

Ветеринария орталығының маманы Алматының "Ақбұлак" ықшамауданында 13 сәуірде орын алған ТЖ туралы пікірін айтты, деп жазады Today.kz. Жылкелді Тілесбаев қызды талап тастаған қаңғыбас иттерді тұрғындардың өздері тамақтандырып жүретіндігін айтты.

"Бұл өкінішке қарай өткен заман емес, қазіргі шындық. Қала тұрғындарының кінәсі де бар. Жануарды асрып алардан бұрын, оны кейін қалай асырайтыны туралы ойлану керек. Адамдар итті асырап алып, ертеңінде оны далада қалдыруда. Мұнда да сондай жағдай. Мен қазір де оқиға орнындамын. Қыз таланған жерде қаңырап тұрған аумақ бар. Біздің ит аулаушыларды онда кіргізбеді, ол жерде қанша ит жүргенін де білмейміз. Көршілер айтуынша, мұнда әйел адам келіп, қаңғыбас иттерді тамақтандырады", - дейді "Центр ветеринарии" иелік басқаруқұқығындағы МКК директорының орынбасары Жылкелді Тілесбаев.

Мамандардың сөзінше, оқиға орнында қазір де тамақ қалдықтары мен ыдыстар жатыр. Қызды да талаған қаңғыбас иттер, қазіргі кезде олардың бірнешеуін ауланды.

"Сандармен сөйлей аламын: Алатау ауданы бойынша осы жылы 1674 ит ауланды. 2016 жылы 212 арыз түсті. Негізгі проблемалы аудандар – Алату және Наурызбай ауданы. "Ақбұлақ" бойынша аулау жұмыстары үш күн бұрын ғана басталды. Сол кезде қызды талауы мүмкін сары ит ауланған. Бірақ ол кезде оны көліктен әйел адам иесімін деп алып қалған. Әзірге ол әйелдің тұлғасы анықталған жоқ", - дейді Тілесбаев.

Сонымен бірге, ол қаңғыбас иттер жағдайы алаңдататын ата-аналарға ұсыныстар айтты. Өйткені иттер жиі ересектердің қарауынсыз қалған балаларға шабуылдайды.

"Қаңғыбас иттерді байқасаңыз, Алматының Ветеринария орталығына 385-53-05 нөмірі арқылы хабарласу керек. Шу шығарып, үйсіз жануарларды қорғап керегі жоқ, мұндай жиі кездеседі. Бұған жауапкершілікпен қарау керек, біреудің өмірін қауіпке төндірмей. Қазіргі кезде түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Бұрындары ереже болатын: жеке үйлерде үштен артық, ал көп қабатты үйлерде – екіден артық ит ұсталмайтын. Қазір бұл ережені ешкім сақтамайды", - дейді маман.

Естеріңізге салсақ, 13 сәуір күні "Ақбұлақ" ықшамауданында қаңғыған иттер үш жасар қызды талап өлтірген. Қыздың өліміне қатысты жәйтты алматы полициясы тершеуде.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!