Астанада ЭКСПО ғимараттарының бірі отқа оранды

Фотография - Астанада ЭКСПО ғимараттарының бірі отқа оранды

Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды.

347 0

"ЭКСПО" құрылыс алаңынан тағы өрт шықты. Тілсіз жау туралы хабар сағат 11:01-де келіп түскен. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Белгілі болғандай, салынып жатқан ғимараттың 4-қабатында төбе жабыны мен жылытқыш өртенген. Болжам бойынша, жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды.

"Елордалық өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 55 адамы 11:25-те тілсіз жауды лезде ауыздықтап, оттың басқа аумаққа таралуына жол берген жоқ", - деп мәлім етті Р.Иманқұлов.

Бұған қоса 8 негізгі және 3 арнайы техника тартылған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!