Полиция мас күйінде жолаушыларды балағаттаған жолсерікті жауапқа тартты

Фотография - Полиция мас күйінде жолаушыларды балағаттаған жолсерікті жауапқа тартты

Ол шұғыл тежегішті жұлып алған

128 0

11 сәуір күні сағат 01.55-де "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный" өңірлік филиалының 31 жастағы жолсерігі "Алматы-Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызында, яғни, өзінің жұмыс орнында мас күйінде болып, жолаушыларға дөрекі сөздермен балағаттаған, азаматтардың мазасын алған. Ішімдікке сылқия тойып алған жолсерік себепсіз шұғыл тежегішті жұлып алған. Соның салдарынан пойыз 12 минутқа тоқтап қалд, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызмет.

Көлік полицейлері оның үстінен ҚР ӘҚБтК 560 бабының 1 тармағы бойынша (Темiржол көлiгi құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК 440 бабының 1 тармағы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

Пойыз жолсерігіне қатысты ҚР ӘҚБтК 434 бабының 1 тармағы бойынша (Ұсақ бұзақылық) Әулиекөл аудандық сотының қаулысымен 3 күн қамаққа алу әкімшілік жазасы қолданылды.

Қазіргі уақытта құқық бұзушы Қостанай АІІБ-нің арнайы қабылдау орнына отырғызылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!