БҚО-да 5 адамның өліміне себепші болған жүргізуші тұтқындалды

Фотография - БҚО-да 5 адамның өліміне себепші болған жүргізуші тұтқындалды

"Volkswagen Sharan" көлігінде отырған жолаушылардың бірі апат кезінде жүргізуші телефонмен сөйлесіп жатқанын айқан.

194 0

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық сотында бес адамның өліміне себепші болған жүргізуші қамауға алынды. Қанат Жұмабеков кінәсін мойындамаса да, қаза тапқандардың туған-туысқандарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Volkswagen Sharan" көлігінде отырған жолаушылардың бірі апат кезінде жүргізуші телефонмен сөйлесіп жатқанын айтты.

"Соқтығысар алдында спидометрдің тілі 120-140 км/сағ көрсетіп тұрғанын байқадым. Кейін қатты соқтығыс болып, жол ортасында шыр көбелек айнала бастадық", - деп еске алды Айдарбек Тұрғанбаев.

Қайрат Қожахметов жол апаты салдарынан бірден үш жақынынан – қызы, күйеу баласы мен 1-сыныпта оқитын немересінен айырылды.

"Қапелімде бүтін бір отбасы ажал құшты. Немерем апаттан кейін бірнеше сағаттан соң көз жұмды. Жүргізуші неге әлі бостандықта жүр", - деп ашуланды Қайрат Қожахметов.

Сот Қанат Жұмабековті сот залында тұтқындау туралы шешім шығарды. Ол ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа беріледі.

Естеріңізге салып өтсек, 17 қаңтарда "Орал-Ақсай" тас жолында "Volkswagen Sharan" көлігі  "Лада Приорамен" соқтығысып, салдарынан 9 адам жапа шеккен еді. Оның үшеуі оқиға орнында тіл тартпай кетсе, тағы екеуі біраз уақыттан соң ауруханада жан тапсырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!