Өзбекстандық есірткі тасымалдаушыдан 10 келіге жуық героин тәркіленді

Фотография - Өзбекстандық есірткі тасымалдаушыдан 10 келіге жуық героин тәркіленді

70 миллион теңгеге бағаланатын 10 келіге жуық героин тасымалдады деген күдікпен Өзбекстан азаматын ұстады.

313 0

Полиция қызметкерлері құны 70 миллион теңгеге бағаланатын 10 келіге жуық героин тасымалдады деген күдікпен Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 13 сәуір айында есірткі бизнесімен күрес бөлінісінің қызметкерлерімен "Алматы-Екатеринбург" күре жолында өткізілген арнайы операция жүргізу барысында, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ретінде анықталған Өзбекстан Республикасының 27 жасар азаматының жүргізуіндегі "Лада-Гранта" автокөлігі ұсталды. Автокөлікті тінту кезінде полиция қызметкерлерімен жалпы салмағы 10 келіні құрайтын "героин" есірткі заты табылып, тәркіленді.
Ұсталған азамат, аталған есірткі затын Қазақстан Республикасының солтүстік облыстарында және Ресей Федерациясының «жасырын сауда айналымында» өткізуді жоспарлағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. "Жасырын сауда айналымында" 10 келі героиннің бағасы 70 миллион теңгеге жуықтайтыны белгілі болды.
Жыл басынан бері облыстың ІІО қызметкерлерінің жедел және нақты іс-әрекеттерінің арқасында заңсыз сауда айналымынан 100 келіге тарта есірткі заты, оның ішінде 25 келі героин есірткі заты тәркіленген.
Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

newskaz.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!