Қостанай облысында бір ауылды толықтай су басуда

Фотография - Қостанай облысында бір ауылды толықтай су басуда

сурет alau.kz

None

1604 0

Қостанай облысындағы Қостанай ауданының Суриковка ауылы толықтай су астында қалды6 деп хабарлайды жергіліктіі "Алау" порталы.  

Сайлы жерде орналасқан елдімекенге жақын жерде ораналасқан су қоймасы жарылғанда ауыл тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшіп үлгерген. Тасқын судан қазір ауыл үйлерінің шатыры ғана көрініп тұр. Дүние-мүлік түгел суға кеткенімен, мал басы түгел. Қазір көрші ауылдың тұрғындары мен туған-туыстары зардап шеккендерге көмектесуде.
Мүмкіндігі бар ауыл тұрғындары Қостанай қаласына кетіп қалса, қалған 40 адам жергілікті мектепке орналастырылған. Олардың ас-ауқаты жергілікті бюджет есебінен сатып алынып жатыр. Шенеуніктер болса тілсіз жауға қарсы түкшара қолданамайтынын айтады.

"Қазіргі таңда облыс әкімі бірінші орынбасарының басшылығымен штаб құрылып, келтірілген шығын көлемі есептелуде. Шығынды қайтару үшін қаржы қарастыратын боламыз. Алдын ала суды тоқтату мүмкін болмады. Тәулігіне су деңгейі 60 сантиметрден көтеріліп отырды", - дейді Қостанай ауданының әкімі Тәуба Исабаев.

Қазір ауыл ішінде құтқарушылар қайықпен жүр. Су деңгейі әлі де көтерілу үстінде. Оны сорып, басқа жаққа құю мүмкін болмағандықтан канал қазуға тура келген. Жобамен елдімекенді судан тазартуға екі аптадай уақыт кетуі мүмкін. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, дәл мұндай су тасқыны аумақта 1941 жылдан бері болмаған көрінеді.

Биылғы тасқыннан СҚО мен Қостанай облысының тұрғындары зардап шегуде. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының 8 ауданы мен Петропавл қаласында төтеше жағдай жарияланған болатын.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!