Оқушы төрт жыл бойы базардағы жұмыс үшін мектепке бармаған

Фотография - Оқушы төрт жыл бойы базардағы жұмыс үшін мектепке бармаған

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша заңсыз тәжірибенің жолы кесілді

411 1

Алматы прокуратурасымен төрт жыл бойына базарда өз анасымен жұмыс істегендіктен мектепке бармаған он жасар бала анықталды. Қадағалау оорганы іске араласқаннан кейін бала мектепке орналастырылды, деп жазады Today.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бас прокуратура кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау, соның ішінде олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін еңбекке тартылуын болдырмауға бағытталған заңнамалар талаптарының сақталуына талдау жасады.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылы бала еңбегінің ең нашар түріне 168 бала тартылған (2014 жылы-185), 2010 жылдан бастап бұл көрсеткіш 3 еседен көп төмендеген (553-тен 168-ге дейін).

Талдау көрсеткендей, бүгінгі таңда Қазақстанда бала еңбегін заңсыз пайдаланумен күрес үшін жеткілікті құқықтық негіз жасалғаны анықталды.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін жедел қорғау мақсатында құрылған мобильдік топтардың (құрамында еңбек инспекциясы, ішкі істер, прокуратура, жергілікті атқарушы органдары, денсаулық сақтау, педагог, психолог мамандары бар) жұмысы бала еңбегін заңсыз пайдалану профилактикасының тиімді құралдарының бірі болып табылады.

Мәселен, Алматы қаласының прокуратурасы 10 жастағы баланың 4 жыл бойы мектепке бармай, анасының жанында базарда (барахолка) жұмыс жасағандығын анықтады. Прокуратура араласқаннан кейін ол бала мектепке жіберілді.

Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезді емдеу мен сауықтыруға арналған шипажай мектеп–интернатында оқитын оқушылардың өздеріне күнделікті ылғалды жинау жұмыстарын жүргізуді міндеттегені мәлім болды. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша заңсыз тәжірибенің жолы кесілді.

Отбасыдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін прокуратура мен ішкі істер органдары нашар отбасыларды анықтау бойынша алдын-алу шараларын жандандырды. Өткен жылдан бері бұрын есепке алынбаған мыңнан аса отбасы анықталды.

2015 жылы прокуратура органдары бала еңбегін пайдаланудың профилактикасы мен кәмелет жасқа толмағандардың еңбек құқықтарын сақтау мәселелері бойынша барлығы 900-ден аса баланың құқығын қорғады (2014 жылы –629), бірақатар құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Талдау қорытындылары бойынша бала еңбегінің ең нашар түріне балалардың тартылуын анықтау, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жандандыру туралы құзыретті мемлекеттік органдарға хат жіберілді, делінген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Аноним 15 сәу. 19:12

kazaktyn kazirgi zamangy batyry. ukimettin sory.

Жауап беру