Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы ҚР Бас прокуратурасына экстрадициялауды өтінді

Фотография - Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы ҚР Бас прокуратурасына экстрадициялауды өтінді

Өтініштің көшірмесін қазақстандық СІМ-де алды.

444 0

ҚХР-да өмір бойына жазасын өтеп жатқан Қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы, ҚР Бас прокурорының атына оны өз еліне экстрадициялау туралы өтініш берді, деп хабарлайды Today.kz. Сұңқар Нұрмағамбетованың айтуынша, өтініштің бір көшірмесі ҚР Сыртқы істер министірлігіне жіберілген.

Айта кету керек, ҚР азаматтарын экстрадициялау үшін басты шарт болып табылатын нәрсе ол қорғаушының немесе туған туыстарының өтініші. Қорғаушы Нұрмағамбетова хабарлағандай, өтінішке Ақжарқынның анасына қол қойдырып алған.

"Берілген өтінішке байланысты, Ақжарқынға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалған жағдайда, қорғаушы жақ пен туған туыстары Ақжарқын Тұрлыбайды ҚХР-нан ҚР экстрадициялауды жөн санайды", - дейді қорғаушы

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытта Қытайда аппеляциялық соттың уақытын қоюды күтіп отыр. 7 сәуірде апелляциялық отырыста қорғаушы жақ қазақстандық қызға көмек болар жаңа айғақтарды ұсынған, осыған байланысты сот отырысты белгісіз уақытқа қалдырған.

21-жасар қазақстандық қыз Қытайда есірткі тасымалдады деп айыпталып, өмір бойына сотталып жазасын өтеп жатыр. Алайда, Есірткінің тасымалдануына қарсы Ортазиялық аймақтық ақпараттық орталықта, қыз нигериялық есірткі мафиясының құрбаны болуы мүмкін деген болжам айтуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!